Philips HR2391/53 Bedienungsanleitung Seite 39

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 15
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/welcome
веб-торабында тіркеңіз.
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Ескерту.
Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
-
нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ
білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
-
Таразыны суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға болмайды және сұйықтықтың таразыға
-
кіруіне жол бермеңіз.
Ескерту.
Құралды әрдайым тұрақты, тегіс және көлденең жерге ғана қойып қолданыңыз.
-
Батареяларды құрғақ қолмен салу керек.
-
Микротолқынды пеш немесе ұялы телефон кедергі туғызып, салмақ өлшеу нәтижесі қате
-
болуы мүмкін.
Ас үй таразысын қосылып тұрған микротолқынды пештен кем дегенде 1,5 метр
-
қашықтықта қолданыңыз, әйтпесе микротолқынды пешті өшіріп қойыңыз. (Cурет 1)
Ұялы телефонды кем дегенде 2 метр қашықтықта ұстаңыз, әйтпесе өшіріп
-
қойыңыз. (Cурет 2)
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.
Пайдалануға дайындау
Құрал төрт АAA 1,5 В батареямен істейді (жинаққа кірмейді). Ұзақ істеп, қоршаған ортаға
зияны болмағандықтан, тек Philips PowerLife батареяларын пайдалануды ұсынамыз.
Бұл құралды қайта зарядталатын батареялармен қолдануға болмайды.
Батареяларды салу
Батареяларды салған кезде қолдарыңыз бен құралдың құрғақ болуын қамтамасыз етіңіз.
1
Батарея бөлімінің қақпағын шешіңіз. (Cурет 3)
2
Батареяны орнына салып, қақпағын жабыңыз. (Cурет 4)
Батареялардың «+» және «–» жақтарын дұрыс қаратып салыңыз.
,
Құралды пайдалану
Таразы салмақты 2 граммнан бастап, ары қарай 1 граммдық аралықпен көрсетеді.
Құрал 3 кг салмаққа дейінгі заттарды өлшей алады. Құралға салмағы 3 кг-нан артық
,
болатын зат қойылса, «Err» (Қате) жазуы көрсетіледі.
ҚазаҚша
39
loading